Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Путин мен Ердоған Таулы Қарабақ келісіміне қатысты пікір алмасты

Түркия президентінің сөзіне сенсек, бұл кезеңде ең маңызды мәселе - Арменияның Әзербайжан, РФ және Армения арасында жасалған үшжақты келісімнің талаптарын бұлжытпай орындап, оқ атпауы.

Путин мен Ердоған Таулы Қарабақ келісіміне қатысты пікір алмасты
фото: vestiturkey.com

Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады nege.kz. 

Әңгіме барысында РФ, Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақта атысты тоқтату келісімі талқыланды. ТАСС агенттігінің мәліметінше, Владимир Путин түрік әріптесіне 9 қараша күні Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен жасалған үшжақты келісім туралы ақпарат берген.

Режеп Тайып Ердоған Ресейдің бітістіруші тарап ретіндегі күш-жігерін жоғары бағалап, бұл жағдай Таулы Қарабақ дауын реттеудің ұзақмерзімді және бәрін тегіс қамтитын сатысына өтуге жақсы негіз болатынын айтқан. Екі ел басшысы, сонымен қатар, атысты толық тоқтату келісімінің маңызын атап өтті. Бұл әскери іс-әрекетті үзуге мүмкіндік берген.

Анадолы агенттігінің жазуынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келіссөз барысында кеше кешкісін Таулы Қарабақ проблемасын түпкілікті шешуге дұрыс қадам жасалғанын айтқан. Түркия президентінің сөзіне сенсек, бұл кезеңде ең маңызды мәселе - Арменияның Әзербайжан, РФ және Армения арасында жасалған үшжақты келісімнің талаптарын бұлжытпай орындап, оқ атпауы.

Еске сала кетейік, кеше Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғанын мәлімдеген еді. Аталған құжатқа Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қол қойған. Онда 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттерді толық тоқтату туралы келісім жарияланған.