Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Үйден шықпаңдар": ҚР Армениядағы елшілігі ел азаматтарын наразылық акциясына қатыспауға шақырды

Ереванда наразылық білдірушілер Үкімет үйіне басып кірді.

"Үйден шықпаңдар": ҚР Армениядағы елшілігі ел азаматтарын наразылық акциясына қатыспауға шақырды
фото: azattyq.org

Қазақстанның Армениядағы елшілігі өз азаматтарына елдегі наразылық акцияларынан аулақ жүру үшін үйден шықпауға кеңес берді, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz. 

"Наразылық акцияларынан аулақ жүру үшін алдағы күндері халық көп жиналатын орындарға бармауға, мүмкіндігінше үйде қалуға кеңес береміз", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Сондай-ақ дипломатиялық ведомство Арменияда жүрген қазақстандықтардан карантин мен жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды, сонымен қатар, сақтық танытып, құқыққорғау органдарының талаптарын орындауды сұрады.

Елшілік консультация және шұғыл жағдайларда көмек көрсету түрінде 098935930 телефоны арқылы азаматтарды қабылдау жүргізілетінін атап өтті.

Сейсенбіге қараған түні Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Қарабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Осы мәлімдемелерден кейін Арменияда тәртіпсіздік басталды. Ереванда наразылық білдірушілер Үкімет үйіне басып кірді.