Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Белгілі YouTube-блогер 40 жылға сотталды

Айта кетейік, Алисса Энн Дэйволт макияж бен косметикаға байланысты блог түсіретін.

Белгілі YouTube-блогер 40 жылға сотталды
Фото: дереккөз

Американың Оңтүстік Каролина штатының соты 32 жастағы YouTube-блогер Алисса Энн Дэйволтты 40 жылға абақтыға жапты. Ол екі жаңа туған нәрестенің өлімі бойынша айыпталған, деп хабарлады paryz.kz, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Тергеу ақпаратынша, 2017 жылы келіншек өз үйінде босанып, сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған. Бір жылдан кейін ол тағы бір сәбиді дүниеге әкеліп, сол қылмысын қайталаған. Енді Дэйволт екі шақалақтың өліміне кінәлі ретінде танылып отыр.

Қылмыстың беті кездейсоқ ашылған. Екінші рет босанғаннан кейін келіншектен қан кетіп, дәрігер шақырған. Ал ақ халаттылар әйелге қатысты күдік келтіріп, бірден полицияға хабарласқан.

Айта кетейік, Алисса Энн Дэйволт макияж бен косметикаға байланысты блог түсіретін. Ол көз жұмған сәбилерден бөлек, өсіп келе жатқан екі қызын әлеуметтік желідегі видеоларға түсірген. Үкім шыққаннан кейін Дэйволт өз балаларынан кешірім сұрады.