Google компаниясы болашақта қазақтың балаларын жұмысқа шақыратынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы мәлімет Facebook-тегі ZTB Qazaqstan парақшасында жарияланды.
«АҚШ-тың Хьюстон қаласында 7-9 жастағы балалар арасында робототехникадан өткен First Lego League әлем чемпионатында Қазақстан командасы бас жүлдені жеңіп алды», – делінген хабарламада.
Чемпионатта жүк тасымалын тиімді жеткізу бойынша жобалар сарапқа салынды. Қазақстан командасы жүкті поезбен тасымалдауда дронды пайдалану жобасын ұсынды. Оған Google-дың өкілдері қызығушылық танытып, қазақтың балаларын компанияның инженері жұмысына шақыратынын айтты.
Сайыста Google-дың өкілдері қазақтың қаракөз балаларына: «Болашақта біздің инженеріміз болыңдар. Жобаларың ұнады», – деді.
Жарысқа жер-жүзінің 60 елінің командасы қатысты. Қазақстан жарыста алғаш рет бақ сынады.