Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жапон ғалымдары жарғанаттан коронавирусқа ұқсас вирус тапты

Бұл вирустың SARS-CoV-2 коронавирусымен 81,5% бірдей екендігі атап өтілді.

Жапон ғалымдары жарғанаттан коронавирусқа ұқсас вирус тапты
Фото: ашық дереккөз

Токио университетінің ғалымдары Жапонияда жарғанаттардан COVID-19-ға ұқсас вирусты тапты. Бұл туралы ТАСС жапон қоғамдық теледидарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Бұл вирустың SARS-CoV-2 коронавирусымен 81,5% бірдей екендігі атап өтілді. Мамандар 7 жыл бұрын жиналған жануарлардың биоматериалдарын зерттеген.

Клиникалық зерттеулер барысында олар бұл вирустың адамға берілмейтінін анықтаған. Жапон ғалымдары жаңа коронавирустық инфекцияның жоғары пайызы бар вирусты жергілікті жануарлардан бірінші болып тіркегені белгілі. Сонымен қатар, мамандар Қытайда тіршілік ететін жарғанаттардан SARS-CoV-2-ге ұқсас 95% және одан жоғары вирустарды тапты.