Димаштың Еуропадағы концерттерінің бірінде түсірілген бейнежазба көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап.
Онда сахнада терлеп ән шырқаған әншіге анасы келіп, бетін орамалмен сүртеді.
Димаш та осы сәтте анасының жанашырлығына сүйсініп, бетінен сүйіп алады. Ал концертке әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер Димаштың анасына зор құрмет көрсетіп, қол соқты.
Желі қолданушылары сахнада тұрған баласына мейірімділігін сездірген ананың әрекетінен ерекше әсер алдық деп жазды.
"Жып-жылы сәт. Ананың бәрі осындай", "Не деген керемет көрініс. Анасы қазақтың кимешегімен жүр. Жарайсыздар",
— деді пікір білдірушілер.