Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Лукашенко шетелдегі отандастарының оралуына қарсы

Александр Лукашенконың сөзінше, кей белорустар елге емделу арзан болғандықтан келеді. 

Лукашенко шетелдегі отандастарының оралуына қарсы
Фото: ашық дереккөз

Алайда бұл шектеудің Ресейге кеткен азаматтарға қатысы жоқ, себебі, саясаткердің сөзінше, Беларусьтің "шекарасы жоқ", деп хабарлады paryz.kzDW сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Лукашенко 5 қарашада өткен вирус инфекциясына қарсы шаралар туралы жиында айтты. 

Александр Лукашенконың айтуынша, ол шекара әскерінің қолбасшысына тек шетелдік емес, сондай-ақ «ел үшін қиын кезде» кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге кірмеуіне бұйрық берген. 

Сонымен қатар, Лукашенко бұл бұйрық Беларуське Батыстан келетіндерге ғана қатысты екенін, себебі елдің Ресеймен "шекара жоғын" айтқан. 

Александр Лукашенконың сөзінше, кей белорустар елге емделу арзан болғандықтан келеді. 

"Ол жаққа оқуға кетті ме – оқысын, жұмыс істесін. Біз оған қарсы болмадық қой. Сондықтан сол жерде жұмыс істеп, емделсін", – деді ол.