Украина елшісінің өтінішімен әзілкеш Нұрлан Сабыровтың концертін АҚШ билігі өткізбей қойды. Соңғы кездері Нұрлан Сабыровты Украинадағы соғысқа қатысты пікірі үшін сынайтындар көбейді, деп хабарлайы Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап.
Концертті ұйымдастырушылар "шараның уақытын өзгерттік" дегенімен, нақты қашан өтетін айтпаған. АҚШ-тағы Украинаның Бас консулы жергілікті билікке Сабыровтың концертін өткізбеу туралы өтініш жасаған.
Болмай қалған концерт туралы Сабыров пікір білдірмеді. Бірақ ол мамырда Қазақстан қалаларын аралап, кеш өткізбек.