Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Вашингтондағы Америка институтының профессоры Питер Кузниктің пікірінше, Трамптың Техастағы жеңілісі оның қайта сайлану мүмкіндігін төмендетеді.

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Кеше АҚШ-та президент сайлауы басталды. Мемлекет басшысы лауазымына республикашыл Дональд Трамп пен демократ Джо Байден қатысуда, деп хабарлады Stan.kz.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде "Америка дауысы" тікелей эфирде дауыс нәтижелерін санап отыр.

Флорида мен Техас Штаттарындағы дауыс берудің алғашқы нәтижелері Трамп пен Байденнің іс жүзінде тең деңгейде екенін көрсетті.

Техас штатында Байден көш бастап тұр. Бюллетеньдердің 46 пайызын санағаннан кейін оның үш миллионнан сәл көп дауыс жинағаны белгілі болды. Трампта -  2,9 млн.

Вашингтондағы Америка институтының профессоры Питер Кузниктің пікірінше, Трамптың Техастағы жеңілісі оның қайта сайлану мүмкіндігін төмендетеді.

"Егер Трамп Техасты жоғалтса, ол үшін бәрі аяқталады", - деді "Россия 24" телеарнасында Кузник.

Флорида штатындағы дауыстардың 88 пайызын санағаннан кейінгі нәтиже бойынша Трамп алда. Оған 5,3 миллион адам дауыс берген, ал Байден шамамен 250 мың дауысқа ие.