Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жаяу жүрген көршіміз 100 доллар сыйақы алатын болды

Денсаулыққа зиян өнімдер өндірушілер үшін арнайы алым енгізіліп, тұрғындарға саламатты өмір салтын насихаттағаны үшін сыйақы осы қаражат есебінен төленеді.

Жаяу жүрген көршіміз 100 доллар сыйақы алатын болды
фото: massaget.kz

Өзбекстанда жаяу жүретіндерге 100 долларға дейін төлемақы беріледі. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлады парламенттік «Халық сөзі» газеті.

"18 жастан асқан адамдар күндізгі уақытта 10 мың немесе одан да көп қадам жасаса, электрондық әмиянына 3 мың сом (0,3 доллар шамасында) салынады", – деп жазылған басылымда.

Ай сайын қала тұрғындары арасында ең көп жүретіндерге шамамен 30 доллар, ал облыс тұрғындарына 50 доллардан төленеді. Елдегі үздіктер шамамен 100 доллар алады.

Жаяу жүру нәтижелерін есептейтін арнайы сайт жасалады. Денсаулыққа зиян өнімдер өндірушілер үшін арнайы алым енгізіліп, тұрғындарға саламатты өмір салтын насихаттағаны үшін сыйақы осы қаражат есебінен төленеді. Мұндай тауарлардың тізімі жазылмаған.