Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Польшада 16 жастағы қазақстандық студентті атып кетті

Ол халықаралық жастар алмасу бағдарламасы аясында оқыған.

Польшада 16 жастағы қазақстандық студентті атып кетті
Фото: ашық дереккөз

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлады Stan.kz

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе қаласында болған.

"Атыс салдарынан 2004 жылы туған Қазақстан азаматы көз жұмды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатты, оның денесін елге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық достарымен бірге баққа алма алу үшін барған, оқ сол жерде атылған. Марқұм Ключковице-Оседлдегі мектеп-интернаттың студенті болған. Ол халықаралық жастар алмасу бағдарламасы аясында оқыған.

Атысқа күдікті әлі табылған жоқ.