Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Екі млн-ға жуық құпия файлды ұрлаған Эдуард Сноуден Ресей азаматтығын алады

Пентагон мәліметіне қарағанда, Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен.

Екі млн-ға жуық құпия файлды ұрлаған Эдуард Сноуден Ресей азаматтығын алады
фото: Reuters

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдуард Сноуден Ресей Федерациясы азаматтығын алуға өтініш берді деп хабарлайды centralasian.org-ке сілтеме жасаған paryz.kz

Бұл туралы ол твиттерде хабарлаған. "Ата-анамызды бірнеше жыл бойы көрмеген соң, әйелім екеуміз баламыздан айырылғымыз келмейді. Сол себепті де біз Ресей-Америка қос азаматтығын алуға өтініш бердік", - деп жазды Сноуден твиттерде.

2013 жылы Сноуден Ресейді паналауға мәжбүр болды. Бұның алдында ол АҚШ арнайы қызметінің құпия мәліметтерін жариялаған. Онда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі әлемнің түрлі елдерінде 35 жоғары лауазымды тұлғаның телефон әңгімелерін тыңдады делінеді.

Пентагон мәліметіне қарағанда, Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Сноуденге рақымшылық жасаудан бас тартты. Президент Дональд Трамп болса оны "сатқын" деп атаған.