Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шіркеуге шабуыл жасады деген 3 күдікті босатылды

Мұның алдында Ниццада 3 адамды өлтірген ер адамның Тунистен келген мигрант болып шыққаны хабарланған еді.

Шіркеуге шабуыл жасады деген 3 күдікті босатылды
фото: дереккөз

Франция полициясы Ниццада шіркеуге шабуыл жасады деген іске қатысы бар 3 адамды босатты, деп хабарлады paryz.kz, DW-ге сілтеме жасап.

AFP мәліметінше, қазір ұсталған 6 адамның үшеуі қамауда отыр. Ал қылмыс жасады деген күдікті ауруханада жатыр. Себебі, ол ұсталған кезде жарақат алған.

Мұның алдында Ниццада 3 адамды өлтірген ер адамның Тунистен келген мигрант болып шыққаны хабарланған еді. Оның аты-жөні – Брахим Ауиссауи. Ол Францияға Лампедуза арқылы келген.

Еске сала кетсек, 29 қазанда Ниццада белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 3 адам қайтыс болды. Содан кейін Франция террористік қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.