Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

СІМ Парагвайда қайтыс болған кәсіпкерге қатысты түсінік берді

Сыртқы істер министрлігі Парагвайда қайтыс болған кәсіпкерге қатысты түсінік берді деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

СІМ Парагвайда қайтыс болған кәсіпкерге қатысты түсінік берді
Сурет: Turkystan.kz

Құрметті достар, осымен екінші күн БАҚ-та Парагвайда қазақстандық бизнесменнің мүшеленіп, өлтірілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған орай өлген адамның Қазақстанның азаматы емес екенін айтқымыз келеді. Ол кеңес одағы кезінде, яғни ҚазКСР заманында туып, 80 жылдары елімізден кеткен болуы керек. Сондықтан ол кісіні қазақстандық бизнесмен деп айту дұрыс емес. Оның үстіне қазақстандық азамат та емес, – деп хабарлады министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, марқұмның ресейлік төлқұжаты болған.

«Марқұм болған адам – Қазақстан азаматы» деген ақпаратты ресейлік БАҚ өкілдері таратқан болатын.