Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Танымал тиктокерлердің табысы мен ақша табу тәсілдері

Сауықтыру мақсатында пайда болған әлеуметтік желілер табыстың көзіне де оңай айналып үлгерді, деп хабарлайды Paryz.kz, Ruh.kz-ке сілтеме жасап. 

Танымал тиктокерлердің табысы мен ақша табу тәсілдері
Сурет: Marketer.ua

Табысқа жету тәсілдері: Tik-Tok о басынан қаржылық бағытта жұмыс істей бастады. 1 миллиардтан артық қолданушысы бар бұл желіде ақша табудың 4 тәсілі бар:

Өзге аккаунттарды жарнамалау. Бұл ең қарапайым әрі оңай тәсіл. Tik-Tok-қа енді қосылған жас блогерлер, көбіне, осы әдісті пайдаланады.

Тікелей эфир монитизациясы. 1000 оқырманы бар аккаунт иесі ғана тікелей эфирге шыға алады. Тікелей эфирге шыққан адамды өзге қолданушылар Tik-Tok монетасымен қолдайды. Мұндай 100 монета 1 долларға тең. Жиналған қаржыны аккаунт иесі банк шотына аудара алады. (Мұнда да біздікіндей «шектеу мөлшері» деген түсінік бар. Алайда, Tik-Tok мейірімді. Оған 10 доллар қалдырсаңыз жеткілікті).

Тауар жарнамасы. Бұл межеге 10-15 мың оқырманы бар аккаунт иелері ғана жетеді. Желіде танымал аккаунттарға қандай да бір бренд жарнама жасау мүмкіндігін ұсынады, осы арқылы жарнама жасаушының қаламақы көлемі артады.

Бірлескен жобалар. Блогер қандай да бір кәсіп, тауар, қызмет аккаунтының сілтемесімен бөліседі. Сол сілтеме арқылы сатылған тауардан, көрсетілген қызметтен блогердің шоты толыға береді. Tik-Tok могнаттары Ашық ақпарат көздерінде ең көп табыс табатын Tik-Tok жұлдыздары туралы ақпарат желдей еседі. Forbes 2020 жылы осындай орыстілді блогерлер тізімін жариялады.

Посткеңестік кеңістіктегі ең танымал һәм ең көп табысқа ие 5 блогерді назарларыңызға ұсынамыз:

Рахим Абрамов. 10 миллионнан артық оқырманы бар блогер. Рахим вайнер мен блогер ретінде ғана емес, әнші ретінде де танымал. Оның «Fendi» атты туындысына 3 миллионнан артық бейнеролик түсірілген. Tik-Tok-тағы табысы – 61,773 миллион теңгені құрайды.

Дина Саева. 17 миллионнан астам оқырманы бар. 2019 жылы Tik-Tok-тің ең танымал орыстілді қолданушысы атанды. Coca-Cola, Dolce&Gabbanа секілді танымал брендтермен келісімшарт жасасқан. Tik-Tok-тағы табысы – 29,087 миллион теңге.

Алексей Савко. 7 миллионға жуық оқырманы бар. Coca Cola, Uber, «Сбербанк», McDonald’s, «МегаФон» секілді брендтермен істес. Tik-Tok-тағы табысы – 28,379 миллион теңгені құрайды.

Юлия Гаврилина. 7,5 миллион оқырманы бар. Тізімдегі ең жас блогер. Оның «Пинг-понг», «Жужу» әндері тез таралып, танылып үлгерді. Tik-Tok-тағы табысы – 19,588 миллион теңге.

Валя Карнавал. 10 миллионға жуық оқырманы бар. Валя блогер, әнші, актриса ретінде де белгілі. Tik-Tok-тағы табысы – 18,939 миллион теңге. Аға буын жастарды «жалқау» деп айыптап, ақша табудың бұл жолын оңай санайды. Десе де, бұл істің өз қызығы мен шыжығы бар.

Қазақстанға келетін болсақ, оқырмандар саны жағынан №1 болып, Алина есімді блогер есептеледі. Tik-Tok-тағы есімі @homm9k, онда 37,2 миллион оқырмандары бар. Танымалдылығы жағынан әлем бойынша Tik-Tok рейтингінде 31 орын алады.