Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Норвегия парламентінің өкілі допингті қылмыстық іс қатарына қосуды ұсынды

Норвегия парламентінің өкілі допингті қылмыстық іс қатарына қосуды ұсынды
Фото: inform.kz

Норвегия парламентіндегі басқарушы консервативтік партия өкілі Петер Фрёлих спортта допинг қолдануды экономикалық қылмысқа жатқызып, заңсыз препараттарды қолданғаны үшін сотталған спортшыларға берілген сыйақыны қайтарып алу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Біз допингті экономикалық қылмыс деп есептейміз", - деп түсіндірді ол Nationen газетіне берген сұхбатында.

Осылайша, Норвегияның қылмыстық ісіне допинг қосылуы мүмкін. Бұған 2019 жылы Аустрияда шаңғы жарысынан болған әлем чемпионаты кезіндегі дау-дамай себеп. Сол кезде бірнеше спортшы допингпен ұсталған.

"Норвегияның полицейлері аустриялық әріптестері секілді әрекетке бара алуы үшін заңға өзгеріс қажет, біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деп түсіндірді депутат.

Норвегия заңнамасы Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) ережелеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.