Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға сотталды

Ли Мён Бак пара алғаны және компания қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға сотталды
Фото: profi-news.ru

Корея Республикасының Жоғарғы соты елдің экс-президенті Ли Мён Бакқа қатысты шыққан үкімді күшінде қалдырды. Саясаткер үлкен көлемде айыппұл арқалап қана қоймай, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, үй қамауында болуға мүмкіндік беретін алдыңғы шешім жойылды, деп хабарлады rg.ru.

"Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға қатысты бастапқы шешімнен қандай да бір қателіктер таппадық", - делінген Жоғарғы соттың 2-ші басқармасының экс-президентке қатысты бұрынғы үкімге берілген апелляцияны қараған қорытынды мәлімдемесінде.

Ли Мён Бак пара алғаны және компания қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Қорытынды үкім бойынша ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 13 миллиард вон (11,5 миллион доллар) айыппұл, сондай-ақ, 5 миллиард 780 миллион вон (5 миллион доллардан астам) қосымша ақы төлеуге міндеттелді.