Өзбекстан даңқты билеуші Әмір Темірдің қабірін ашқан сәтте түсірілген фотосуреттерді көпшілікке жариялады. Ол Самарқандағы Гури Әмір кесенесіне жерленген, деп хабарлады Sputnik Узбекистан.
Сирек суреттерді "Узархив" агенттігі жариялады. Айта кетейік, Әмір Темірдің қабірі 1941 жылы қазылған болатын. Ғалымдар экспедициясын Ташмұхаммед Кори-Ниязи мен антрополог Михаил Герасимов басқарған.
Қазіргі таңда аталған фотосуреттер Самарқан облыстық мемлекеттік архивінде сақтаулы.
Әмір Темірдің қабірін қазу туралы шешімді КСРО басшылары оның туыстарының рұқсатымен 1941 жылы маусым айында қабылдады. 20 маусымда қазу жұмыстары басталды.
Аңызда Әмір Темір тыныштығы бұзылған жағдайда соғыс басталатыны туралы айтылады. Оның қабірі қазылғаннан 2 күн өткеннен кейін Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.