Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды

Қазір екі ел өзара келіссөз жүргізіп жатыр.

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды
Фото: azattyq ruhy

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды. Бұл туралы paryz.kzРИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлады. 

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскері баспасөз орталығының хабарлауынша, 25 қазанда Исфарин ауданындағы Ходжаи Аъло өлкесінің тұрғындары ауыл ішінде ескі су құбырларын алмастыру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол аралықта елді мекенге қару ұстаған 25-30 шақты қырғыз шекарашылары кіріп келіп, жергілікті тұрғындарға жұмысты тоқтатуды бұйырған. Артынша, тіпті, оқ жаудырған.

"Ходжай Аъло ауылының тұрғындары атыстан зардап шеккен жоқ. Қақтығыс болған жердегі жұмыстар уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады баспасөз орталығы.

24.kg хабарлауынша, қақтығыс Баткен ауданы Уч-Добо ауылының уақыты бойынша сағат 16:45-те болған.

"Оқиға орнына келген қырғыз шекарашылары мемлекеттік шекараға жатпайтын учаскедегі құрылыс жұмысын тоқтатуды талап еткен. Алайда, Тәжікстан азаматтары қарсылық білдіріп, тіпті, дау шығарған. Әскери қызметкерлердің денсаулықтары мен өмірлерін сақтау және жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында Қырғыз шекарашылары әуеге оқ атуға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта жұмыстар тоқтатылды", - дейді Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта екі елдің ресми өкілдері өзара келіссөздер жүргізу үстінде. Оған жергілікті билік органдары мен құқық қорғау қызметінің мамандары қатысып жатыр.