Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Тихановская Беларусьте жалпыұлттық ереуілдің басталатынын мәлімдеді

Айтуынша, бүгін болған режим шындықты айтуға, айтқан сөздері үшін жауап беруге және халықтың талабын орындауға дайын емес.

Тихановская Беларусьте жалпыұлттық ереуілдің басталатынын мәлімдеді
Фото: u-f.ru

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская Telegram каналында жексенбілік наразылық акциясы кезіндегі күш құрылымдарының әрекеттеріне қатысты түсінік беріп, 26 қазаннан бастап Беларусьте жалпыұлттық ереуілдің басталатын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Біз сөз беруге және оған жауап беруге дайынбыз. Белорусьтер халықтық ультиматумды жариялады. Бірақ, бүгін болған режим шындықты айтуға, айтқан сөздері үшін жауап беруге және халықтың талабын орындауға дайын емес. Бұл режим күшін жоғалтып жатыр деген сөз.

Сондықтан 26 қазанда жалпыұлттық ереуіл басталады. Белорусьтер бұл қадамды жасайды, өйткені, олардың сөзі - заң. Бұған біздің басты бейбіт қаруымыз -  ынтымақтастық көмектеседі" деп жазған Тихановская.

TUT.BY мәліметінше, бүгін Беларусьте кей компания мерзімсіз демалысқа кеткен. Олардың ішінде медициналық орталықтар, дүкендер, интернет-дүкендер, барлар, дәмханалар, тіл мектептері, тренажер залдары, туристік компаниялар, гүл жеткізу қызметтері, дизайн студиялары, сұлулық салондары, техниканы жөндеу бойынша қызмет көрсету орталықтары, бильярд клубтары және шағын базарлар бар.