Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Хабибтің қасында Мәсімов не істеп жүр? (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, бұл ресейлік чемпион мен Кәрім Мәсімовтің алғаш кездесуі емес.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде американдық Джастин Гейджиді қылқындыру әдісімен жеңіп, спорттағы карьерасын аяқтады, деп хабарлады paryz.kz.

Жекпе-жек аяқталған сәтте жеңіліп көрмеген чемпионды жеңісімен құттықтаушылар арасында ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің де жүргені байқалды. Ол елден ерек барып, Хабиб Нурмагомедовтің қолын алып тұрып, оған жылы лебізін білдірді.

Еске сала кетсек, бұл ресейлік чемпион мен Кәрім Мәсімовтің алғаш кездесуі емес. Хабиб Нурмагомедов 2018 жылдың қарашасында Нұр-Сұлтан қаласына келіп, Кәрім Мәсімов, Кеңес Рақышев және Самат Әбішпен жолыққан болатын. Ол кездесудің суреттерін спортшының өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеген-ді.

Енді оқырман тарапынан Мәсімов неге Хабибпен кездесуге құштар, ол екеуін не байланыстырып тұр деген сұрақ тууы мүмкін. Себебі, ол – ҰҚК төрағасы ғана емес, еліміздегі Жауынгерлік өнер ассоциациясының да президенті.

2018 жылдың 26 қарашасында, яғни дәл сол Хабиб Нурмагомедовпен кездесетін сәтте тағайындалған болатын. Сонда елордадағы Rixos қонақ үйінде өткен отырыс барысында Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен спорттық федерациялардың жаңадан құрылған Жауынгерлік өнер ассоциациясының қарамағында болатыны шешілді. Ал ассоциация каратэ, күрес, ММА аралас жекпе-жектері сынды бағыттар бойынша жұмыс істейді. Демек, Мәсімовтің UFC чемпиондарының кез келгенімен кездесіп, қолын алуына болады. Тек пандемия қарсаңында маска тақпағаны болмаса.

Қолында тұтас мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі мен жекпе-жек спорт түрлерінің билігі тұрғанда, ол кісіге осы қарқынмен "Боратқа" да жолығып, елдігін, ерлігін көрсетіп қайтуға болатын сияқты ма, қалай?..