Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Балаларға қателесіп басқа вакцина салып жіберген

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғадан ата-аналар да, полиция да хабардар. 

Балаларға қателесіп басқа вакцина салып жіберген
фото: ашық дереккөз

Германиядағы вакциналау орталықтарының бірінде мамандар қателесіп, үш оқушыға Moderna екпесін салып жіберген деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бірақ балаларға «Пфайзер-Байонтек» вакцинасы қарастырылған болатын.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғадан ата-аналар да, полиция да хабардар. Өз кезегінде тексеріс жүргізген Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың жағдайы жақсы екенін айтып, препараттың ешқандай жанама әсері байқалмағанын хабарлады.

Айта кетейік, Германия желтоқсаннан бастап 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Пфайзер-Байонтек» препаратын сала бастады. Ал «Модерна» әзірге 12 жастан асқандарға ғана рұқсат етілген.