Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Енді ерлі-зайыптылар ажырасса, әкімдер жауап береді

Өйткені жауапты орган басшылары ерлі-зайыптыларды татуластыруға күш салмаған.

Енді ерлі-зайыптылар ажырасса, әкімдер жауап береді
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейіп барады. Әсіресе, Ташкентте көп. Мұнда он айдың ішінде 4 мың 193 отбасының шаңырағы шайқалды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл үшін бір ғана Яккасарай ауданында 14 махалля төрағасы ескерту алып, орынбасарларына сөгіс жарияланды. Өйткені жауапты орган басшылары ерлі-зайыптыларды татуластыруға күш салмаған. Ал махалля төрағасы – кішігірім әкімдер. Шағын аудандарды басқарады. Біз айтқан Яккасарай ауданында жыл басынан бері 234 отбасы ажырасқан екен, яғни былтырғымен салыстырғанда 79-ға көп. Отбасында шыныаяқ сылдырламай тұрмайды. Дегенмен, мамандардың айтуынша, ерлі-зайыптыларды ажырасуға итермелейтін басты себептің бірі –  отбасылық өмірге үшінші тараптың араласуы. Мұның ішінде құдалардың тіл табыса алмауы да бар. 

Біз қазір өз ауданымызда арнайы құжаттың жобасын әзірлеп жатырмыз. Отбасы мәселелеріне прокуратура, ішкі істер органдарын, хокимиятты, имамдарды тартып, жұмыс тобын құруды жоспарлап отырмыз. Егер жас жұбайлардың мәселесін махаллялар шеше алмаса, осы топ араласып шешімін табуға тырысады. Сөйтіп, сөзге келіп қалған жастарды татуластырар еді. Кейде екеуінің арасына ата-аналары түсіп, жағдайды ушықтырады. Бір ай бұрын ғана отау құрған отбасылардың шырқы бұзылып жататын жайттар болады. Бұл осындай мәселелерді зерделеп, істің шешімін табуға көмектеседі, – дейді Яккасарай ауданы хокимінің әйелдері ісі жөніндегі кеңесшісі Дильфуза Шодиева.