Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жезқазған қаласының маңына ресейлік ғарыш капсуласы түсті

Ғарышкерлер жерге түскен соң, бірден Мәскеу облысындағы арнайы орталыққа аттандырылды. Әдеттегідей сый-құрметке бөленбеді.

Жезқазған қаласының маңына ресейлік ғарыш капсуласы түсті
фото: tass.ru

Жезқазғаннан 150 шақырым жерге капсуламен түскен "Союз МС-16" ғарыш кемесінің экипажы шұғыл түрде еліне жөнелтілді, деп хабарлады paryz.kz.

Капсуладан алдымен экипаж командирі Анотолий Иваншин шығарылды. Одан соң инженерлер Иван Вагнер мен Кристофер Кессиди шыққан. Бәрінің де денсаулығы жақсы. Ғарыш экспедициясында 7 ай жүрген олар медицина, ғарыштық биология және физико-химиялық процестерге сараптама жасапты.

Ғарышкерлер жерге түскен соң, бірден Мәскеу облысындағы арнайы орталыққа аттандырылды. Әдеттегідей сый-құрметке бөленбеді. Пандемияға байланысты, оларды күтіп алғандардың да қарасы аз болған. Енді көктен жерге түскендер әзірге індеттен аман екенін растайтын анықтама алған жақындарымен ғана кездесе алады.