Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қиын болады": Байден Ресей Украинаға басып кірсе, АҚШ қалай әрекет ететінін айтты

Сонымен қатар Байден АҚШ Украинаға қорғаныс құралдарын беруге дайын екенін айтты.

"Қиын болады": Байден Ресей Украинаға басып кірсе, АҚШ қалай әрекет ететінін айтты
фото: РИА Новости

АҚШ президенті Джо Байден Украинамен шекараға жақын жерде ресейлік әскер қуатының артуына байланысты Америка қалай әрекет ететінін айтты деп хабарлайды Paryz.kzТАСС-қа сілтеме жасап.

Ол Ресей тарапынан Украинаға қауіп туындаса, елге американдық әскерлерді жіберу мүмкіндігін қарастырмайтынын айтты деп жазады CNBC.

Украинаға әскерилерді біржақты енгізу туралы әңгіме жоқ. Егер Ресей Украинаға басып кірсе, онда ауыр зардап келеді, экономикалық салдары қиын болады, – деді Байден Путинмен келіссөздеріне қатысты.

АҚШ президенті өз әскерлерін Украинада орналастырудың орнына оның әкімшілігі НАТО елдерінде америкалық әскердің қатысуын күшейту үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

Сонымен қатар Байден АҚШ Украинаға қорғаныс құралдарын беруге дайын екенін айтты.

Владимир Путин өз кезегінде Ресейдің Украинаға "шабуылы" туралы cұрақ арандатушылық тудыратынын айтты.