Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Өзбекстанда кешкі ас іше алмаған жұмысшылар зауыттың астын үстіне шығарды (ВИДЕО)

Бүлікті басу үшін Гузар ауданына арнайы жасақ мен полиция күші тартылды.

Өзбекстанда кешкі ас іше алмаған жұмысшылар зауыттың астын үстіне шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бүгін Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан 5 мыңдай жұмысшы бүлік шығарды, деп хабарлады arasha.kz.

Әлеуметтік желілерге тараған видеода жұмысшылардың зауыт ғимаратына күшпен басып кіргені байқалады. Соңғы ақпарат бойынша, олар кеңседегі жиһаздар мен оргтехниканы да қиратқан.

Бүлікті басу үшін Гузар ауданына арнайы жасақ мен полиция күші тартылды. Әзірге зардап шеккендерге қатысты ақпарат жоқ. Наразы топ Enter Engineering компаниясының жұмысшыларға кешкі ас бермегенін айтты. Бұл онсыз да жалақысын ала алмай жүрген жұмысшыларды ашуландырған.