Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытайдан алған қарызынан құтылмақ

Еске сала кетсек, қыркүйекте Қытайдың Cыртқы істер министрі Ван И қырғыз елінде ресми сапармен болды.

Қырғыздар бар ақшасын жинап, Қытайдан алған қарызынан құтылмақ
Фото: azattyq.org

Қырғыз Республикасында мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Алтыбаева хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"Бірлестік ақша жинамайды. Біз осы процестің басталуын ғана ұйымдастырамыз. Дайындық жүріп жатыр, мемлекеттік банктен есеп ашуға келісіп қойдық. Төлемдер сайтта көрсетіледі, бәрі әділ өтеді", - деді Алтыбаева.

Еске сала кетсек, қыркүйекте Қытайдың Cыртқы істер министрі Ван И қырғыз елінде ресми сапармен болды. Қырғыз Республикасының сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде Пекинге берешекті төлеу мерзімін созу мәселесі талқыланған.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасы сыртқа 4 млрд 169,6 млн доллар (320 млрд 39,21 млн сом) қарыз. Соның 1 млрд 776,29 млн доллары (42,6%) Қытайдың Эксимбанкінен несие ретінде алынған.