Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс бола жаздады

Осы іс бойынша арнайы қызмет өкілдері 15 адамды ұстаған.

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс бола жаздады
фото: BBC

Қырғызстанда құқық қорғау органдары елдегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы осы елдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді.

Ведомство мәліметі бойынша Парламент өкілдері мен бірқатар жоғары лауазымды шенеунік төңкерісті парламенттік сайлаудан кейін жүзеге асырмақ болған.

Айта кетейік, бұл парламенттік сайлау осы жексенбіде өтуі тиіс. Арнайы қызмет өкілдері хабарлағандай, елде жаппай ереуіл ұйымдастыру үшін мыңға жуық жас азамат тартылып, оларды мемлекеттік құрылымдарға қарсы қоймақ болған. Осы іс бойынша арнайы қызмет өкілдері 15 адамды ұстаған. Олардың үйлері мен кеңселерінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде қару-жарақ пен есірткі тәркіленген.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.