Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қырғыз жоғарғы соты Садыр Жапаровты ақтап шығарды

Ол 2012 жылы билікті күшпен басып алмақ болғаны үшін сотталған.

Қырғыз жоғарғы соты Садыр Жапаровты ақтап шығарды
Фото: news2world.net

Бұған дейін қамалып шыққан Қырғыз Республикасының қазіргі премьер-министрі әрі президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаровтың үстінен қозғалған қылмыстық істі жоғарғы сот қайта қарап шықты, деп хабарлады 24.kg.

Елде болған жағдайларға байланысты 16 қазанда сот істі қайта қарады делінген аталған хабарламада.

"Садыр Жапаровтың әрекетінен қылмыстық құрам анықталмай, ол ақталды. Онымен бірге депутат Талант Мамытов пен  Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те ақталды", - деп жазды аталған ақпараттық агенттік.

Айта кетейік, Садыр Жапаров, Талант Мамытов және Камчыбек Ташиев 2012 жылы билікті күшпен басып алмақ болды деп сотталған. Кейін Мамытов пен Ташиев жазаларын өтеп, бостандыққа шыққан. Ал осыдан бірнеше күн бұрын болған митингте халық түрмеде отырған Садыр Жапаровты алып шықты.

Еске салайық, Қырғызстанда өткен парламенттік сайлаудан кейін 5 қазанда халық жаппай наразылыққа шығып, "Ақ үйді" өртеп жіберген болатын. Күштік құрылымдармен болған қақтығыста 1 адам қаза тауып, 1,2 мыңы жараланды.