Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Билл Гейтс: Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады

Оның айтуынша, қазір вирусты жұқтыру деңгейі өсуде, ал күн суи бастағанда адамдар жабық жерлерде көбірек уақыт өткізетін болады.

Билл Гейтс: Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады
Фото: Яндекс.Дзен

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс күзде коронавирусқа қатысты жағдай бұрынғыдан да нашар болатынын айтып, ескерту жасады, деп хабарлады paryz.kz, Fox Business-ке сілтеме жасап.

"Күздегі жағдай жаздан да сорақы болады" - деді ол. 

Гейтстің айтуынша, қазір вирусты жұқтыру деңгейі өсіп келеді. Ал күн суи бастағанда адамдар жабық жерлерде көбірек уақыт өткізетін болады. Бұл инфекция таралуының өсуіне әкеледі. Одан бөлек, Microsoft негізін қалаушы вакцина жасалғанға дейін адамдар тек бір жағдайда аман қалатынын айтады. Бұл олардың тікелей жүріс-тұрысына қатысты. 

"Өкінішке қарай, бұл мәселеге қатысты немқұрайлылық пен негативті ой қалыптасып қалды. Қазіргі уақытта АҚШ-та бетперде тағу режимі қалыпты деңгейде сақталып жатқан жоқ", - деді ол.

Осыған дейін Билл Гейтс коронавирустан кейін қалыпты жағдайға келу үшін не қажет екенін айтқан болатын. Оның болжамы бойынша, бұл пандемия 2022 жылы аяқталады-мыс. COVID-19 вирусы алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. Содан бері бүкіл әлемде 38,5 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, 1,09 миллионнан астам адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта вирусты АҚШ-та 7,9 миллион адам жұқтырған.