Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Байлар әлі тоймай жатыр": Президент әділетсіз сайлау туралы айтты

Егер мұндай фактілер анықталса, құқық қорғау органдары қатаң шаралар қолданады.

"Байлар әлі тоймай жатыр": Президент әділетсіз сайлау туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сайлауда дауыс сатып алу немесе сату үшін жауапкершілік барын еске салды деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті қырғызстандықтар! Сайлауда дауыс сататын және сатып алатын азаматтар жауапқа тартылады. Егер мұндай фактілер анықталса, сіз бір жарым жылдан екі жарым жылға дейін бас бостандығыңыздан айырыласыз. Қылмыстық кодексте осындай бап бар. Демек, сайлаушылар өз дауыстарын сатпауы керек, кандидаттар пара беруге қатыспауы керек. Егер мұндай фактілер анықталса, құқық қорғау органдары қатаң шаралар қолданады. Бұдан былай біз Қырғызстанда адал сайлау дәстүрін енгіземіз. Алдыңғы сайлау тек тарих болып қала берсін, - деп жазды Жапаров өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ президенті өз постына "Елдің проблемасы – кедейлерді тамақтандыра алмайтыны емес, байлардың тоймайтынында" деген афоризм қосып қойды.

Қырғызстандағы сайлау 28 қарашаға белгіленген. Жоғарғы Кеңестің 54 депутаты бірыңғай сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен (саяси партиялар кандидаттарының ашық тізімдері бойынша) сайланады, 36 депутат бір мандатты сайлау округтерінде мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.