Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Көнуге міндетті емеспіз!": Александр Лукашенко Еуроодаққа сес көрсетіп қойды

"Көнуге міндетті емеспіз!": Александр Лукашенко Еуроодаққа сес көрсетіп қойды
фото: Фото: ZN.ua

Еуропалық Одақ елдері Беларусь еліне санкция салып, шекарасын жабар болса, Беларусь тарапы газ құбырын бөгеп тастайды. Бұл туралы Александр Лукашенко мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бейсенбі күні Беларусь пен Польша шекарасындағы босқындардың мәселесі БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде талқыланған еді. Кеңеске мүше еуропалық елдер де оларға үн қосып, шекарадағы ахуалға Минск кінәлі деп айыптады. Еуроодақ мүшелері Беларусь елінің әрекетіне дереу жаһандық қауымдастық болып, шара қолдану керегін айтып, ресми мәлімдеме жасаған. Олардың пікірінше, беларусьтің Мемлекет басшысы аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.

Еске сала кетсек, аптаның басынан бері Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдай ушықты. Беларусь аумағында жиналған жүздеген босқын бөгеттерді бұзып, поляк жеріне қарай өтуге талпынған. Оның соңы әскерилермен қақтығысқа ұласты. Ал Литва осы жағдайға байланысты өз аймағында төтенше жағдай енгізген.

Еліміздің егемендігін қорғау жолында ешнәрсеге көнуге міндетті емеспіз! Бүгінде Беларусь арқылы табиғи газдың өтімділігін арттырып, Еуропаны жылытып отырсақ, олар бізге қоқан-лоққы көрсетеді екен. Ал егер біз газдың жолын бөгеп тастасақ ше? Сондықтан Польшаның үкіметі мен басы істемейтін литвалықтар мен өзгелеріне ең алдымен ойланып сөйлеу керек деп кеңес берер едім, - дейді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.