Дональд Трамп біраз уақыт бұрын саяси қарсыласын "Ұйқылы Джо" деп атаған көрінеді.
АҚШ президенті Глазгода өткен климаттық саммитте ұйықтап қала жаздады. Әлеуметтік желілерде конференцияда көзі ілініп кеткен Джо Байденнің видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ, Foxnews.com-ға сілтеме жасап.
Видеожазбада қолын айқастырып алған Джо Байденнің бірер минутқа көзі ілініп кеткені көрсетілген. Содан кейін оған президенттік аппараттың қызметкері келіп, әлденені айтады. Осыдан соң АҚШ президенті оянып, сөз сөйлеп жатқандардың баяндамасын тыңдауды жалғастырған.
Басылымның жазуынша, АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп біраз уақыт бұрын саяси қарсыласын "Ұйқылы Джо" деп атаған көрінеді. Ал Twitter пайдаланушылары америкалық көшбасшы егде жасының, АҚШ пен Шотландия арасындағы уақыт белдеулерінің өзгеруіне байланысты ұйықтап кетуі мүмкін деп топшылап отыр.
Сонымен қатар мұндай іс-шараларда кез келген адам бірнеше сағат бойы отырып, баяндамаларды тыңдай алмайды.