Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ресейде билік ғимараттарын жармақ болған террористердің көзі жойылды

Террористердің қызметі Сирия аумағынан басқарылып отырған.

Ресейде билік ғимараттарын жармақ болған террористердің көзі жойылды
Фото: ТАСС

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі елде тыйым салынған "Катиба Таухид валь-Джихад" халықаралық террористік ұйымының екі мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды paryz.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Олар Волгоградта лаңкестік әрекеттер жасамақ болған.

Ресей ФҚҚ-ның Қоғаммен байланыс орталығынан мәлім еткендей, террористердің қызметі Сирия аумағынан басқарылып отырған. Олар "билік ғимараттарына, әскери қызметшілердің тұрғылықты жерлеріне және жарылыс-өрт қаупі бар кәсіпорындарға" шабуыл жасауды жоспарлаған.

"Ұстау операциясы барысында ұйым басшысы мен оның сыбайласы Ресей ФҚҚ қызметкерлеріне қаруды пайдалана отырып, қарсылық білдіргеннен кейін олардың көзі жойылды", - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, оқиға орнынан Волгоград картасы табылған, онда жоспарланған террористік шабуылдардың орны көрсетілген. Атап айтқанда, картада қара түспен "Отан Ана" монументінің жанында шабуыл ұйымдастырылмақ болғаны белгіленген.