Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ресейде зауытта жарылыс болып, 16 адам мерт болды (ВИДЕО)

Зауыттың ғаламтордағы сайтында компанияның алты жыл бұрын банкрот болғанын және 2017 жылдан бері жұмыс істемейтіні көрсетілген.

Ресейде зауытта жарылыс болып, 16 адам мерт болды (ВИДЕО)
фото: РФ ТЖМ

Бүгін таңертең Ресейдің Рязань облысындағы "Эластик" компаниясының шеберханасында жарылыс болды. Қаза тапқандар бар деп хабарлайды Paryz.kzРИА Новости-ге сілтеме жасап.

Өрт оқ-дәрі сақталған шеберханада болған. От 160 м2 аумақты шарпып үлгерген, қазіргі уақытта ашық жанған өрт сөндірілді, деп мәлімдеді Рязань облыстық Төтенше жағдайлар министрлігі. Бірқабатты ғимарат толығымен қираған, құтқарушылар жұмысы жалғасуда. 

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына технологиялық процестің бұзылуы себеп болды, - деп хабарлады ТЖМ.

Бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жарылыс болған уақытта кәсіпорында 17 адам жұмыс істеген. Соңғы мәліметтер бойынша олардың 16-сы қаза тапқан. Олардың бірінің денесі 80% күйіп қалған, ол ауруханада көп жұмған.

Қайтыс болғандардың отбасыларына 1 млн рубльден беріледі (шамамен 6 млн теңге).

Зауыттың ғаламтордағы сайтында компанияның алты жыл бұрын банкрот болғанын және 2017 жылдан бері жұмыс істемейтіні көрсетілген.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, шеберхана жарылғыш заттарды өндірумен, сақтаумен және оқ-дәрілерді жоюмен айналысатын компанияға тиесілі.