Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Украина ресейлік "Спутник V" вакцинасын мойындамайды

"Вакцинаны тек ДДСҰ бекітуі керек..."

Украина ресейлік "Спутник V" вакцинасын мойындамайды
фото: РФПИ

Ресейлік "Спутник V" препаратымен вакцинацияланған азаматтар Украинаға кірген кезде 10 күндік оқшауланудан өтуге немесе COVID-19 сынамасын тапсыруға міндетті. Бұл туралы Мемлекеттік шекара қызметінің бастығы Андрей Демченко айтты деп хабарлайды Paryz.kzРИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұрын белгіленген ережелер қолданыла береді. Украина Ресейдің "Спутник V" вакцинасын мойындамайды, олар уақытша басып алынған аумақтардағы азаматтарды вакциналауға тырысады. Вакцинаны тек ДДСҰ бекітуі керек, - деді ол "Дом" телеарнасында.

23 қыркүйектен бастап Украина эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты "жасылдан" карантиндік "сары" аймаққа көшті. 15 қазаннан бастап Херсон облысы COVID-19 бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Сондай-ақ 18 қазаннан бастап COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупінің "қызыл" деңгейі Запорожье, Одесса, Донецк және Днепропетровск облыстарында көріне бастады.

"Қызыл" аймақта кинотеатрлар, дәмханалар, мейрамханалар, спорт залдары, театрлар мекеме қызметкерлері мен келушілер 100 пайыз вакцинацияланған жағдайда, сонымен қатар білім беру мекемелері оқытушылар мен оқушылар толық вакцинацияланған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады, басқа жағдайда оқытуды онлайн-режимге ауыстырады.

Бұған дейін Украинаның Министрлер кабинеті коронавирусқа байланысты карантинді 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Эпидемиологиялық қауіптіліктің төрт аймағы енгізілді: "жасыл", "сары", "қызғылт сары" және "қызыл".