Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақылбек Жапаров Премьер-министр болып тағайындалды

Заңда сондай-ақ министрлер кабинетінің не жеке министрдің орнынан түсуі, сондай-ақ оның атқаратын қызметінен босатылуы мүмкін негіздер мәселелері де реттелген.

Ақылбек Жапаров Премьер-министр болып тағайындалды
фото: kabar.kg

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 12 қазанда Министрлер кабинетінің төрағасы Ұлықбек Мариповты қызметінен босатты. Жапаров Үкіметті тарату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Paryz.kzOrda.kz-ке сілтеме жасап.

11 қазанда Қырғызстан Президенті «Министрлер кабинеті туралы» конституциялық заңға қол қойды. Онда Үкімет құрамын қалыптастыру және Министрлер кабинетінің мүшелерін бос лауазымдарға тағайындау рәсімдері жазылған. Осы заңға сәйкес Министрлер кабинетінің басшысы Президент әкімшілігінің басшысы болып табылады.

Заңда сондай-ақ Министрлер кабинетінің не жеке министрдің орнынан түсуі, сондай-ақ оның атқаратын қызметінен босатылуы мүмкін негіздер мәселелері де реттелген.

Мариповтың орнына Премьер-министр және Президент әкімшілігінің басшысы лауазымын Ақылбек Жапаров алды.

Бұған дейін екі рет Қаржы және экономика министрі қызметін атқарған 57 жастағы Ақылбек Жапаров осы жылдың маусым айында үшінші рет Экономика және қаржы министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Бір бол» партиясынан Жогорку Кенештің депутаты болған және «Құмтор» кенішінің қызметін зерттеген мемкомиссияны басқарған.