Қазіргі таңда күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Мәскеуде жас жігіт егде жастағы әйелді соққыға жығып, артынша автобус астына итеріп жіберді. Оқиға Киевский вокзалы маңында болған деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.
27 жастағы жігіт пен зейнет жасындағы әйел кісі сөзге келіп қалған. Ашулы жігіт әйелді ұрып, тепкінің астына алған. Әйел жүріп бара жатқан автобустың астына түсіп кетеді. Салдарынан ол көз жұмған.
Автобус көлігінің бейнекамерасына әйелді тепкілеп жатқан жігіттің қылығы анық түсіп қалған. Ол қазір жасаған қылмысын мойындады, – дейді Тергеу комитеті басшысының орынбасары Юлия Иванова.
Қазіргі таңда күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.