Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы екі журналиске берілді

Бейбітшілік сыйлығына биыл 329 кандидат (234 адам, 95 ұйым) ұсынылған.

Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы екі журналиске берілді
фото: SCIENCEMAG.ORG

Нобельдің Бейбітшілік сыйлығы бірден екі үміткерге – "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Рессаға берілді деп хабарлайды Paryz.kz.

2021 жылғы Нобель сыйлығы бұл екеуіне демократия мен бейбітшіліктің берік негізі саналатын сөз бостандығын қорғауға күш салғаны үшін берілді.

Әу баста бұл сыйлықты алады деген фаворит ретінде ДДСҰ аталған еді. Басқа да фавориттер қатарында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный, беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская мен экобелсенді Грета Тунберг болған.

Бейбітшілік сыйлығына биыл 329 кандидат (234 адам, 95 ұйым) ұсынылған.