Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Сбербанктің" бұрынғы вице-президенті Марина Ракова Мәскеуде ұсталды

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі 50 миллион рубльден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталушы Раковаға федералды іздеу жариялаған болатын.

"Сбербанктің" бұрынғы вице-президенті Марина Ракова Мәскеуде ұсталды
фото: finparty.ru

Ресей "Сбербанкінің" бұрынғы вице-президенті, Білім министрінің экс-орынбасары Марина Ракова Мәскеуде ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ресей ІІМ тергеушілері Марина Раковамен тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, ол Мәскеудегі Ресей ІІМ  мемлекеттік мекемесінде, - деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Оқи отырыңыз: СБЕР вице-президентінің үйіне тінту жүргізілді (ВИДЕО)

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі 50 миллион рубльден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталушы Раковаға федералды іздеу жариялаған болатын.

Сбербанктегі дереккөз РИА Новости-ге 4 қазаннан бастап Марина Ракова олардың қызметкері емес екенін айтты. Ол еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыстан шығарылған.

Агенттіктің хабарлауынша, Ракова 2019 жылы бұрынғы бас директор болған Білім беруді дамытудың жаңа нысандары қорына (ФНФРО) бюджет қаражатын бөлу ісі бойынша күдікке ілінген. 

Сараптама жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша есептердің бұрмалануын анықтады. Раковадан басқа, ФНФРО-ның сол кездегі басшылығына және Білім министрлігінің бір бөлімінің экс-басшысына тінту жүргізілді.