Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мойындайтын болды

"Спутник V" вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мойындауы үшін барлық кедергі жойылған.

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мойындайтын болды
фото: ашық дереккөз

АҚШ Ресейге вакциналау туралы сертификатты өзара мойындауға қатысты қызығушылық білдіріп отыр деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген.

Белгілі болғандай, "Спутник V" вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мойындауы үшін барлық кедергі жойылған. Қазір тек кейбір әкімшілік шаралар ғана қалған.

АҚШ өкілдерімен Женевада кездескен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко осындай мәлімдеме жасады.

Ресейдің "Спутник V"  вакцинасын тіркеу мен одан әрі қолдану туралы ұстанымы қолдау тапты. Енді ДДСҰ алаңында вакцинаны тіркеумен айналысатын компанияның бірқатар құжатына қол қоюы мен қосымша қағаздар ұсынуы қалды, – дейді Михаил Мурашко.

Оның сөзінше, 1 қазандағы кездесу барысында ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус бұдан әрі жұмысқа кедергі болмайтынын айтқан. Сонымен қатар Мурашко АҚШ вакциналау туралы сертификатты өзара мойындауға қатысты да қызығушылық білдіріп отырғанын баса айтты.  

Қазіргі күні Ресей Федерациясында коронавирусқа қарсы бес вакцина тіркелген. Олардың алғашқысы Гамалея орталығы әзірлеген "Спутник V" вакцинасы. Ол әлемнің 70 елінде  жаппай вакциналауда қолданылып келеді.

Бүгінде ресейліктер үшін новосібірлік "Вектор" орталығының  "ЭпиВакКорона", Ресей Федерациясы Ғылымдар академиясы Чумаков орталығының "КовиВак" вакцинасы да қолжетімді. Ревакциналауға "Спутник Лайт" вакцинасын қолдануға кеңес берілген. Ол "Спутника V" вакцинасының жеңілдетілген түрі.