Ол Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты бірқатар қиыншылық күтіп тұрғанын жеткізді.
АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы өтетін 76-сессиясында халықаралық деңгейде үндеу жасап, келесі пандемияға дайындалуға шақырды деп хабарлайды Paryz.kz.
Байден өз сөзінде әлемнің барлық елі таңдау алдында тұрғанын атап өтті.
Біз адам өмірі үшін, COVID-19-ды жеңу үшін, келесі пандемиядан қорғану үшін тізе қосып жұмыс істейміз немесе вирустың жаңа, қауіпті түрімен бетпе-бет келгенде қолда бар құралдар мен білімімізді пайдалана алмаймыз, – деді Байден.
Ол Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты бірқатар қиыншылық күтіп тұрғанын жеткізді.
АҚШ президентінің айтуынша, әлемдік қауымдастық өз таңдауын жасауы керек: табиғаттың қиындықтарымен бетпе-бет келу немесе құрғақшылық, су тасқыны, өрт пен дауылдан зардап шегу.