Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

Сооронбай Жээнбеков үкімет пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті
Фото: www.ccsi.ir

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл көрші елдің үкіметі толықтай отставкаға кетті дегенді білдіреді.

Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндеттерін атқаратын болады, – деп хабарлайды Қырғызстан президентінің ресми сайты.

Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Кубатбек Боронов отставкаға кетуге өзі өтініш білдіргені хабарланып отыр.