Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Apple Pegasus шпиондық бағдарламасынан қорғанудың жолын тапты

Жаңарту Apple презентациясы қарсаңында болды. 

Apple Pegasus шпиондық бағдарламасынан қорғанудың жолын тапты
фото: clickthis.blog

Apple зиянды бағдарламалардың құрылғыларды басқаруына мүмкіндік беретін осалдықтарды жою үшін операциялық жүйесін жаңартты. Жаңартылған операциялық жүйе Pegasus шпиондық бағдарламасынан қорғайды. Жаңарту iPhone 6 смартфондарынан бастап, соңғы үлгідегі құрылғыларға дейін қолжетімді.

Бұл туралы Orda.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Канадалық Citizen Lab компаниясы Сауд Арабиясының белсендісіне тиесілі бұзылған телефонды талдау кезінде осалдығын анықтады. Вирус iMessage арқылы таралып, жұмыс істеу үшін қолданушыдан ешқандай әрекет талап етпеді. Вирусты жіберу үшін арнайы жасалған PDF файлын жіберу жеткілікті. IOS-тың жаңа нұсқалары бұл мәселені веб-мазмұнды көрсету жүйесінде шешеді.

Жаңарту Apple презентациясы қарсаңында болды. Онда компания төрт жаңа iPhone, Apple Watch, AirPods және MacBook Pro ноутбуктарының жаңартылған нұсқаларын шығарады.

Еске салсақ, Pegasus бағдарламалық қамтамасыз етуін израильдік NSO Group компаниясы жасаған. 2021 жылдың шілде айында оның журналистерге, белсенділер мен саясаткерлерге тыңшылық жасау үшін қолданылғаны белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мәліметінше, Pegasus тыңшылық бағдарламалық жасақтамасын қолданған кезде тыңдалуы мүмкін адамдардың тізіміне:

  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
  • премьер-министр Асқар Мамин
  • Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев
  • Informburo.kz тілшісі Серікжан Мәулетбай
  • Central Asia Monitor газетінің бұрынғы бас редакторы Бигелді Ғабдуллин
  • құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина
  • бұрынғы банкир Мұхтар Әбләзов
  • кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов пен Ғалымжан Есенов кірді.