Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Таулы Қарабақтан армяндар кетіп жатыр

Босқындар шекара маңындағы лагерлерге шоғырланған.

Таулы Қарабақтан армяндар кетіп жатыр
Фото: profi-news.ru

Әскери қақтығыстар басталған сәттен бастап мыңдаған Таулы Қарабақ тұрғындары Арменияға жаппай қоныс аударып жатыр. Босқындар легі Армения мен Таулы Қарабақ шекарасындағы Горис қаласына ағылуда. "Қарабақтан келген босқындар Горис қаласының әкімшілігіне келеді, артынша оларды Армениядағы туыстары алып кетеді немесе жергілікті қонақ үйге тұрақтайды", деп хабарлайды Ресейлік ВВС арнасы.

Горис қаласында Ливан мен АҚШ-тан келген ұлты армян байкерлер босқындарға көмектесуді қолға алған. Олар бұл аймаққа қақтығыс басталмай тұрып келген, ал соғыс қимылдары басталған соң, кері қайтуға мүмкіндік болмай қалған. Горис қаласының маңындағы Веришен ауылындағы 170 босқынға азық-түлік пен киім сатып алуға көмектесуде. Байкерлер Гористе босқындар өте көп екенін мәлімдеді.

Горис қаласындағы Yeghevnut қонақ үйінде бар-жоғы 78 адамға орын бар, алайда босқындардың көптігінен қазір онда 127 адам орналастырылған. Бұған дейін Жапония және Еуропа туристерін қабылдап келген қонақ үйге бүгінде Қарабақтан қоныс аударған армяндар тұрақтаған. Қалада 1200-1500 босқын бар.