Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Коронавирусқа қарсы вакцина 6 айдан асқан балаларға сыналады

Мамандардың айтуынша, нәрестелер жанама әсерлер туралы өздері айта алмайтындықтан, олардың тітіркенуіне, жылауына немесе тәбеттің болмауына ерекше назар аударылады. 

Коронавирусқа қарсы вакцина 6 айдан асқан балаларға сыналады
фото: ашық дереккөз

Финляндиядағы Тампере университетінің вакциналарды зерттеу орталығы коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда сынауды бастады деп хабарлайды Nege.kz. 

Pfizer компаниясы COVID-19-ға қарсы вакцинаны балаларға салу арқылы оның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылайды. Осы зерттеуде қолданылатын вакцина mRNA вакциналарының жаңа технологиясына негізделген. Бүгінде бұл вакцинаның миллиондаған дозасы енгізілді, бірақ препарат әлі 16 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Мақсат – вакцинаны балаларға мүмкіндігінше тиімді және қауіпсіз ету. Институт директоры Мики Рюметаның айтуынша, алты айға дейінгі нәрестелерде плацента арқылы анадан алынған иммунитет бар, сондықтан оларды вакциналаудың қажеті жоқ.

Ұйым зерттеуге дені сау, мультисистемалық қабыну синдромы немесе вакцинаға аллергиялық реакциясы жоқ 12 жасқа дейінгі балалар шақырылғанын айтты.

Мамандардың айтуынша, нәрестелер жанама әсерлер туралы өздері айта алмайтындықтан, олардың тітіркенуіне, жылауына немесе тәбеттің болмауына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, біраз уақыттан кейін антиденелердің деңгейін көрсететін қан талдауы жасалады.

Зерттеу Испанияда, Польшада және АҚШ-та да жүргізіледі.

Бұрын балаларға клиникалық сынақтарды америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы жүргізген. Johnson & Johnson корпорациясы өз вакцинасын нәрестелерге салуды жоспарлап отыр.