Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"68 млн теңге": Nur Otan тәуелсіздік мерейтойын "қызу" атап өтеді

Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайсар Манқараевтың айтуынша, 51 миллиард теңге экономиканың нақты секторын қолдауға кетеді екен...

"68 млн теңге": Nur Otan тәуелсіздік мерейтойын "қызу" атап өтеді
фото: ашық дереккөз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекет әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қосымша бюджет бөлді. Бөлінген қаражаттың жартысынан көбін Nur Otan алған, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Салықтар мен айыппұлдар бойынша жоспарды көбейту арқылы билік 72 миллион теңге қосымша қаржы бөлді. Оның 68 миллионы Nur Otan-ның сайлау науқанына кетеді.

Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайсар Манқараевтың айтуынша, 51 миллиард теңге экономиканың нақты секторын қолдауға кетеді екен. Бұл "құрылыс және өндіріс салаларына, ШОБ дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатының артуына қосымша серпін береді".

ҚазАқпарат "қаражат жаңа көшелер салуға, жолаушылар тасымалын дамытуға, сондай-ақ бағдаршамдарды күтіп ұстауға бағытталады" деп келтіреді.

"Үлескерлердің проблемаларына және тұрғын үй құрылысын жалғастыруға ерекше назар аударылды. Бұл 105 мың шаршы метр аяқталмаған нысандардың құрылысын бітіруге, несиелік тұрғын үй желісі бойынша 3800 пәтердің құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді", - деді Манқараев.