Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мәжіліске өткен партия мандаттарының саны белгілі болды

Сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне 11 919 241 азамат енгізіліп, барлығы 7 539 280 бюллетель берілген...

Мәжіліске өткен партия мандаттарының саны белгілі болды
фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасараы Константин Петров 10 қаңтарда өткен Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне 11 919 241 азамат енгізіліп, барлығы 7 539 280 бюллетель берілген.

Осылайша, Nur Otan, "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы Мәжіліске жолдама алды. "Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, партиялар арасында депутататтық мандат былай бөлінді: "Nur Otan" - 76, "Ақ жол" - 12, "Қазақстан халық партиясы" - 10.

Жалпы, Мәжіліс 107 депутаттан құралған. Қалған 9 депутат Қазақстан халықының Ассемблеясы Кеңесінде сайланды.