Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Сауытбек Абдрахманов өзге ұлт өкілдерімен бірге Ассамблея атынан сайланды

Дауыс беруге елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХА мүшелері қатысты.

Сауытбек Абдрахманов өзге ұлт өкілдерімен бірге Ассамблея атынан сайланды
фото: Владислав Воднев

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Белгілі болғандай, дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов - 298, Аветик Амирханян - 270, Ильяс Буларов - 274, Наталья Дементьева - 292, Юрий Ли - 282, Вакиль Набиев - 285, Шамиль Осин - 271, Владимир Тохтасунов - 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды. Осылайша, ҚХА-ның 9 кандидаты Парламент Мәжілісіне өтті.

Бүгін түске дейін кандидаттарды сайлау аяқталды. Дауыс беруге елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХА мүшелері қатысты.