Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы, Ақтөбе облыстарында 105 және 110 жастағы аналар дауыс берді

Ақтөбеде 105 жастағы Жақыбай Бисенғалиева №26 сайлау учаскесіне өз аяғымен барып таңдауын жасады.

Алматы, Ақтөбе облыстарында 105 және 110 жастағы аналар дауыс берді
фото: коллаж

Алматы облысының Сарқан ауданында 110 жастағы Алтынхан Белдеубай сайлаудан тысқары қалмай, өз даусын берді, деп хабарлады paryz.kz.

"Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін", - дейді кейуана.

Ал Ақтөбеде 105 жастағы Жақыбай Бисенғалиева №26 сайлау учаскесіне өз аяғымен барып таңдауын жасады.

"Бұрын ерте тұрып, алғашқылардың бірі болып дауыс беретін едім. Қазір қартайдық, өзіміз келе алмаймыз. Баламмен бірге келіп, таңдау жасадым", - дейді ол.

Кейуаналардың бірі үйінде, екіншісі сайлау учаскесінде тек дауыс қана емес, көпшілікке арнап ақ баталарын да берді.